ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторына қарасты «Ханифа» қыздар даму академиясы қыз-келіншектерге арналған «Отбасы құндылығы» тақырыбында тағылымды отырыс ұйымдастырды.
Таза ауа аясында өткен рухани басқосу қатысушыларға пайдалы уақыт өткізіп қана қоймай, отбасылық құндылықтарды дәріптеп, өзара сыйластық пен бауырмалдықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Шара барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызы жамағатқа «Аллаға жақын болудың жолдары» тақырыбында уағыз-насихат айтып, адамның рухани дамуы мен Жаратушыға жақындаудың маңыздылығын түсіндірді.
Ал «Қажыбай қажы» мешітінің ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызы «Құранның артықшылығы» тақырыбында тағылымды насихат жүргізіп, қасиетті Құранның адам өміріндегі орны мен оның жүрекке, мінез-құлыққа тигізер оң әсері туралы баяндады.
Сонымен қатар қатысушылар арасында еркін пікір алмасу, рухани әңгімелер мен түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылып, қыз-келіншектер өзара тәжірибе бөлісті.
Басқосудың негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қыз-келіншектердің рухани білімін арттыру, Құран мен сүннетке негізделген көркем мінезді қалыптастыру және жамағат арасындағы достық пен бауырластықты нығайту.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы