Абай аудандық мешітінде Көкебай Нұризат ұстаздың жетекшілігімен шәкірт Айтбайқызы Дидардың балаларға арналған «Аллаһ Тағаланың 99 көркем есімі» атты санамақ кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Балаларға Алланың көркем есімдерін таныстырып, олардың мағынасын жеңіл әрі түсінікті түрде жеткізуді мақсат еткен бұл еңбек – жас ұрпақтың діни сауатын арттырып, рухани тәрбиесіне үлес қосатын құнды дүние.
Кітапта Аллаһ Тағаланың 99 көркем есімі балалардың жас ерекшелігіне сай санамақ үлгісінде беріліп, бүлдіршіндердің қызығушылығын оятатын танымдық әрі тәрбиелік мазмұн қамтылған.
Тұсаукесер барысында кітап авторы Дидардың шығармашылық ізденісі мен еңбегі атап өтіліп, жаңа кітаптың оқырмандарына рухани пайдасы мол болуына тілектер айтылды.
Ізгі бастаманың тұсауы кесіліп, авторға шығармашылық табыс, ал кітаптың балалар тәрбиесіне пайдалы болуына ақжолтай тілектер білдірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы