Center Image
IHSAN.KZ
Абайда әйел- қыздар жамағатына арналған Мәуліт дастарханы жайылды
Абайда  әйел- қыздар жамағатына арналған Мәуліт дастарханы жайылды

Абай аудандық мешітінің ұстазы Көкебай Нуризаттың ұйымдастыруымен қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай рухани кеш ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Мәуліт айының мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның өнегелі өмірі мен көркем мінезі жайында тағылымды әңгімелер айтылды.

Рухани басқосуда әйел жамағатына арнайы дастархан жайылып, қатысушылар өзара пікір алмасып, жылы жүздесудің куәсі болды. Жиын барысында бауырмалдық пен бірлік, имандылық пен ізгілік құндылықтары дәріптелді.

Мұндай рухани кездесулер жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайтып, қасиетті Мәуліт айының тағылымын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Іс-шараға атсалысқан барша жамағатқа алғыс білдіріп, игі бастамалардың берекелі болуына тілектестік білдіреміз.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz