Center Image
IHSAN.KZ
«Балкен ана» мешіті мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті
«Балкен ана» мешіті мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Ростовка ауылдық «Балкен ана» мешітінің имамы Заметдинов Марғұлан ауыл тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетті.

Ізгі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж отбасылардың шаңырақтарына арнайы барған мешіт имамы күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері мен ет салынған қайырымдылық қоржындарын табыстады.

Қайырымдылық акциясы барысында көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіліп, олардың қажеттілігіне қарай көмек ұсынылды.

Жақсылық жасау мен мұқтаж жандарға қолдау көрсету – мешіт жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Осындай игі бастамалар ауыл тұрғындары арасындағы өзара жанашырлық пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz