Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешіті бастауыш сынып оқушыларына мектеп құралдары табысталды
«Төлеутай ата» мешіті бастауыш сынып оқушыларына мектеп құралдары табысталды

Жаңа оқу жылының басталуына орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Шара барысында биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сыныпқа баратын 10 балаға мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтары мен сөмкелер үлестірілді.

Жаңа оқу жылының ашылуына арналған Алғашқы қоңырау салтанатында мешіттің наиб имамы арнайы сөз сөйлеп, жас жеткіншектерді жаңа оқу жылымен құттықтады. Өз сөзінде балаларға білім алудың маңыздылығын айтып, оқуда озат, ізденімпаз әрі тәрбиелі болуға тілек білдірді.

Сондай-ақ наиб имам оқушыларға арнайы дайындалған мектеп сөмкелерін табыстап, оларға сәттілік пен толағай табыс тіледі.

Бұл игі бастама – балаларға қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғамда қайырымдылық пен өзара жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz