Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
«Төлеутай ата» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж жеті отбасыға  ет және күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері табысталды.

 Қайырымдылық көмегі отбасының әлеуметтік жағдайын жеңілдетіп, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталды.

Шара барысында мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің, қиындыққа тап болған отбасыларға жанашырлық танытудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қайырымдылық пен өзара көмек – қоғамдағы береке мен бірлікті нығайтатын ізгі амалдардың бірі екенін атап өтті.

Мешіт ұжымы осындай игі бастамалар арқылы әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға көмек көрсетуді жалғастырып келеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz