Осакаровка ауданына қарасты Молодежный кенті мешітінің имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен жаңа оқу жылының басталуына орай «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Қайырымдылық шарасы барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 5 балаға мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтары мен керек-жарақтар табысталды.
Мешіт имамы Рүстем Мұратұлы жас жеткіншектерді жаңа оқу жылымен құттықтап, білім алудың маңыздылығына тоқталды. Балаларға оқуда озат болып, жақсы нәтижелерге жетулеріне тілектестігін білдірді.
Игі шараның мақсаты – балаларға жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен бастауға мүмкіндік жасап, оларға қолдау көрсету.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы