Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Мәуліт мерекесіне орай ақ жаулықты аналардан құралған жамағаттың қатысуымен тағылымды рухани жиын өтті.
Іс-шара барысында мешіт имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлы ардақты әжелерге құрмет көрсетіп, ақ дастархан жайды. Жиында Құран оқылып, Хатым түсірілді.
Сондай-ақ ұстаз Фархад Нұрланұлы Мәуліт оқып, жамағатқа тағылымды насихат айтты. Ұстаз өз сөзінде Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік пен құрметтің адам баласының рухани өміріндегі маңызына тоқталды. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі жолын ұстанудың адам тәрбиесі мен қоғам үшін берер пайдасын ерекше атап өтті.
Жиын барысында ақ жаулықты аналар да ізгі тілектерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
Тағылымы мол басқосу жамағаттың рухани бірлігін нығайтып, ізгілік пен үлкенге құрмет көрсету құндылықтарын дәріптеуге себеп болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы