Center Image
IHSAN.KZ
Шешенқара ауылына бақылау-басқару жұмыстары жүргізілді
Шешенқара ауылына бақылау-басқару жұмыстары жүргізілді

Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлы ауданға қарасты Шешенқара ауылдық мешітіне барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, басқару-бақылау жұмыстарын жүргізді.

Сапар барысында ауылдық мешіттің имамы құлшылық үйінің қазіргі жағдайы мен атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ мешіттің жамағатпен жүргізіп жатқан рухани-ағартушылық қызметі, діни шаралар мен жергілікті тұрғындармен байланысы туралы сөз болды.

Кездесу барысында ауыл ақсақалдарымен арнайы жиын өткізіліп, мешіттің қызметін жандандыру, жамағат бірлігін нығайту және рухани-насихаттық жұмыстарды жүйелі жүргізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар аудан имамы мешіттің ішкі және сыртқы аумағын аралап, тазалық жұмыстарына назар аударды. Құлшылық үйінің ғимаратының жағдайы тексеріліп, алдағы қыс мезгіліне дайындық барысы пысықталды.

Жиын соңында мешіт қызметін одан әрі жетілдіру, тазалық пен тәртіпті сақтау және қысқы кезеңге қажетті жұмыстарды уақытылы аяқтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz