Center Image
IHSAN.KZ
Қарабаста Мәуліт айына орай рухани кеш өтті
Қарабаста Мәуліт айына орай рухани кеш өтті

Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінде қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай жамағатқа рухани тағылым сыйлаған кеш ұйымдастырылды.

Ізгі шара мешіт имамы Шарифулла Шадиевтің ұйымдастыруымен өтіп, оған мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары қатысты.

Рухани кеш барысында Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның өнегелі өмірі, көркем мінезі, адамзатқа қалдырған өсиеттері мен тағылымы жөнінде насихат айтылды. Жамағатқа ардақты Елшінің ﷺ өмір жолын үлгі ету, ізгілік пен мейірімділікті, бауырмалдық пен бірлікті дәріптеудің маңызы түсіндірілді.

Шара барысында Мәуліт жырлары оқылып, Пайғамбарымызға ﷺ салауаттар айтылды. Сонымен қатар жамағатқа рухани насихаттар айтылып, имандылық пен адамгершілік құндылықтары кеңінен дәріптелді.

Кеш соңында мешіт имамы Шарифулла Шадиев жамағатқа ізгі тілегін білдіріп, береке-бірлік пен тыныштық тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz