Рухани келісім күніне орай ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Хоспис» мекемесінде қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шараға Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы арнайы қатысып, ем алушы қарияларға ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, қайырымдылық шарасына өзге де діни конфессия өкілдері қатысып, рухани келісім мен өзара ынтымақтастықтың маңызын көрсетті.
Шара барысында мекемедегі қарияларға киім-кешек, азық-түлік және қажетті тұрмыстық заттар үлестірілді. Қамқорлыққа мұқтаж жандарға қолдау көрсету мен олардың жағдайына көңіл бөлу – қайырымдылық жұмыстарының негізгі бағытының бірі.
Өз кезегінде мекеме тұрғындары облыстық мешіт тарапынан үнемі қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтып, кезекті қайырымдылық шарасына ризашылықтарын білдірді.
Осындай игі бастамалар Рухани келісім күнінің мәнін айқындап, қоғамдағы мейірімділік, жанашырлық пен өзара түсіністік құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы