«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің имамы Ермахан Оралбай Әділбекұлының ұйымдастыруымен және мешіт жамағатының атсалысуымен 40 түп ағаш отырғызылды.
Игі шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қаланы көгалдандыру және тұрғындар арасында табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Табиғатты аялау – баршаға ортақ міндет. Ал ағаш отырғызу – қоршаған ортаның көркеюіне үлес қосып, келер ұрпаққа қалдыратын игі мұра. Осындай бастамалар экологиялық мәдениетті нығайтып, қоғамды тазалық пен ізгілікке үндейді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы