Рухани келісім күніне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен жастар арасында қоян-қолтық ұрыс бойынша спорттық сайыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ өзара сыйластық пен бірлікті нығайту.
Сайыс барысында мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай қатысушыларға спорттық шараның мәні мен мақсатын түсіндіріп, жастарды тәртіпке, табандылыққа және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар табысталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы