Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жамағатқа «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылып, «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында насихат айтылды.
Мешіт наиб имамы Дархан Түменбай ас беру рәсімінің мән-маңызын түсіндіріп, құдайы асты ысырапшылдық пен бәсекеге айналдырмай, қарапайым әрі ізгі ниетпен өткізудің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар жамағатқа ас беру мәдениетіне қатысты арнайы жадынамалар таратылып, құжаттың негізгі мазмұны түсіндірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы