Center Image
IHSAN.KZ
«ӘЛ-МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ӘЛ-МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде жамағатқа «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылып, құдайы ас беруде ысырапшылдыққа жол бермеу жөнінде насихат айтылды.

Кездесу барысында ас беру рәсімінің діни мәні мен тәрбиелік маңызы түсіндіріліп, дастарқан жаюда қарапайымдылықты сақтау, шамадан тыс шығынға жол бермеу және асты бәсекеге айналдырмау мәселелері қозғалды.

Сондай-ақ құдайы астың негізгі мақсаты – марқұмға Құран бағыштап, дұға жасау және жақын-жуықтың басын біріктіру екені айтылды. Жамағатты ас беру дәстүрін шариғат талаптары мен ұлттық құндылықтарға сай ұстануға шақырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz