ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.
«Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» тақырыбында уағыз айтқан бас имам: «Адам баласына Алла Тағала нәсіп еткен ұлы нығметтердің бірі – туған ел, өскен жер, бейбіт Отан. Туған жер адамның кіндік қаны тамған қасиетті мекені, балалық шағының куәсі, ата-бабасының ізі қалған құтты қонысы. Ал Отан – ұрпақтың өткені мен бүгінін жалғап, болашағына бағыт беретін ортақ шаңырақ»,- деді.
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы