Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы аудандық Жастар орталығында жастармен кездесу өткізіп, «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында уағыз айтты.
Уағыз барысында имам жастарға жат діни ағымдардың зияны, олардың адам санасына әсері және қоғамның тұрақтылығына төндіретін қауіптері туралы түсіндірді. Сонымен қатар, діни сауаттылықты арттырудың, дәстүрлі дін мен ұлттық құндылықтарды құрметтеудің маңыздылығына тоқталды.
Жастарды күмәнді діни ақпараттарға сенбеуге, әлеуметтік желілердегі теріс діни насихаттан сақ болуға және діни мәселелер бойынша сенімді мамандардан кеңес алуға шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы