Рухани келісім күніне орай Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен жастар арасында футболдан спорттық сайыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзара достық пен бауырмалдықты нығайту, сондай-ақ бірлік пен татулықтың маңызын дәріптеу.
Жарыс барысында жастар белсенділік танытып, өзара ынтымақтастық пен спорттық шеберліктерін көрсетті. Мұндай игі шаралар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне және қоғамдағы рухани келісім мен өзара құрмет құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы