25 қазан – Республика күніне орай Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде жас шәкірттерге ұлттық құндылықтардың маңызы туралы насихат айтылды.
Мешіт ұстазы Фархад Нұрланұлы өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-ананы қадірлеу және салт-дәстүрді сақтау жөнінде түсіндірді. Сондай-ақ ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуындағы орнына ерекше тоқталды.
Насихат барысында елін сүю, туған жерін құрметтеу және ұлттық мұраны дәріптеу әрбір азаматтың парызы екені айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы