Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы Қазығұрт ауылдық «Мұсылмандар» мешітінің имамы Сертай Әділхан Қарағанды қаласына жасаған қызметтік сапары барысында қалалық «Қазыбек би» мешітінде жамағатпен рухани жүздесу өткізді.
Кездесу аясында дін қызметкері «Дін білімінің жаһандану кезіндегі маңызы» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтты.
Уағыз барысында қазіргі жаһандану дәуірінде діни білімнің маңыздылығы, ислам дінін дұрыс түсіну, сенімді діни ақпарат көздеріне жүгіну және дәстүрлі діни танымды сақтаудың өзектілігі кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ жамағатқа діни сауаттылықты арттырудың, білім мен парасаттылықты ұштастырудың, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтудың маңыздылығы айтылды. Әсіресе, жастардың діни білімді білікті мамандардан алып, жат діни ағымдардың ықпалынан сақтануы қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Рухани жүздесу барысында жамағатқа ізгілік, адамгершілік, бауырмалдық және мұсылмандық әдеп жөнінде тағылымды насихаттар айтылды.
Уағыз-насихаттан кейін жамағаттың құрметіне арнайы дастарқан жайылып, көпшілік ақ дастарқан басында бас қосты. Бұл басқосу жамағат арасындағы өзара сыйластық пен бауырмалдықты нығайтуға ұласты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы