Center Image
IHSAN.KZ
БҰҚАР ЖЫРАУ МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА МӘЙІТТІ КЕБІНДЕУ РӘСІМІ ҮЙРЕТІЛДІ
БҰҚАР ЖЫРАУ МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА МӘЙІТТІ КЕБІНДЕУ РӘСІМІ ҮЙРЕТІЛДІ

Қарағанды қалалық «Бұқар жырау» мешітінде жамағатқа мұсылман адамды ақтық сапарға шығарып салудың шариғи тәртіптері мен мәйітті кебіндеу рәсіміне арналған тәжірибелік дәріс ұйымдастырылды.

Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бағыты аясында мешіттер жанынан жерлеу рәсімдеріне қатысты қызметтер көрсетілуде. Дегенмен әрбір мұсылманның жаназа рәсімдерінің негізгі тәртіптерін, мәйітті ақтық сапарға дайындаудың шариғи талаптарын білуі маңызды.

Осы мақсатта мешіт жамағатына арнайы дәріс өткізіліп, мұсылман адамды дүниеден өткеннен кейін ақтық сапарға шығарып салудың тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

Аталған дәрісті Аманбол Рымқұлұлы жүргізіп, мәйітті кебіндеудің шариғи үкімдері, кебін матасын дайындау, ақыреттік киімді өлшеп-пішу және оны дұрыс қолдану жолдары туралы кеңінен мәлімет берді.

Дәрістің ерекшелігі – теориялық түсіндірумен қатар, тәжірибелік тұрғыда өткізілуі болды. Аманбол Рымқұлұлы кебін матасын қалай өлшеп, пішу керектігін және мәйітті кебіндеудің реттілігін іс жүзінде көрсетіп, жамағатқа үйретті.

Сонымен қатар жаназа рәсімдерінде шариғат талаптарын сақтау, ысырапшылдыққа жол бермеу, марқұмға құрмет көрсету және ақтық сапарға шығарып салу кезінде мұсылмандық әдепті ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.

Тәжірибелік дәріс барысында жамағат өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, кебіндеу рәсіміне қатысты білімдерін толықтырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz