Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылындағы «Ғыйзат қажы» мешітінің бас имамы Ерлан Орынбай ауыл жастарымен рухани-танымдық кездесу өткізді.
Кездесу барысында жастарға имандылық, адамгершілік, әдептілік және ұлттық құндылықтардың маңыздылығы жөнінде уағыз-насихат айтылды.
Бас имам жас ұрпақты ізгілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білім алуға және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуға шақырды.
Тағылымды кездесудің басты мақсаты – жастардың рухани сауаттылығын арттыру, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы