Center Image
IHSAN.KZ
«ӘЛ-ҒАФФАР» МЕШІТІНДЕ «ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
«ӘЛ-ҒАФФАР» МЕШІТІНДЕ «ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің имамдарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің «Ислам және адал қоғам» атты еңбегі таныстырылды.

Кездесу барысында кітаптың негізгі мазмұны мен көтерілген өзекті мәселелері талқыланып, имандылық, адалдық, әділдік және қоғам алдындағы жауапкершілік тақырыптарына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ еңбекте қамтылған рухани-адамгершілік құндылықтардың қоғамдағы маңызы айтылып, адалдық қағидаларын күнделікті өмірде ұстанудың қажеттілігі түсіндірілді.

Кітап таныстырылымының басты мақсаты – дін қызметкерлері арасында адалдық құндылықтарын дәріптеу, рухани білімді арттыру және ізгі қоғам қалыптастыруға үндейтін идеяларды насихаттау.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz