Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлы мешіт жастарына уақып қорының маңыздылығы туралы уағыз-насихат айтты.
Насихат барысында ислам дініндегі уақыптың мәні, оның қоғамдағы орны және қайырымдылықты дамытудағы рөлі кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ имам уақыптың мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге, діни-ағартушылық жұмыстарды дамытуға және қоғам игілігіне қызмет етуге бағытталған сауапты амал екенін атап өтті.
Кездесудің басты мақсаты – жастардың бойында қайырымдылық пен жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру, уақып мәдениетін насихаттау және игі істерге ынталандыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы