Шет ауданына қарасты С. Сейфуллин кентіндегі «Күмісбек молла» мешітінің имамы Қаблақат Амангелдінің ұйымдастыруымен мешіт жамағатына «Ас беру мәдениеті» тақырыбында насихат айтылды.
Насихат барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұсынған «Ас беру мәдениеті» құжатының негізгі қағидалары түсіндіріліп, ас беру рәсімдерінде ысырапшылдыққа жол бермеу, қарапайымдылықты сақтау және ұлттық дәстүрлерді шариғат талаптарымен үйлестіру мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ жамағатқа марқұмды еске алу кезінде аста-төк дастархан жаюдан гөрі дұға жасап, қайырымдылық пен ізгі амалдарға мән берудің маңыздылығы түсіндірілді.
Шараның басты мақсаты – жамағат арасында ас беру мәдениетін қалыптастыру, ысырапшылдықтың алдын алу және діни әрі ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы