Center Image
IHSAN.KZ
ТЖМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ УАҚЫПТЫҢ МАҢЫЗЫ НАСИХАТТАЛДЫ
ТЖМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ УАҚЫПТЫҢ МАҢЫЗЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) қызметкерлерімен рухани-танымдық кездесу өткізді.

Кездесу барысында имам ислам дініндегі уақыптың мәні мен маңыздылығы, оның қоғамдағы орны және қайырымдылық саласындағы рөлі жөнінде уағыз-насихат айтты.

Сондай-ақ уақыптың мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік игі бастамаларды жүзеге асыруға және қоғамдағы өзара көмек пен жанашырлықты нығайтуға ықпал ететіні түсіндірілді.

Кездесудің басты мақсаты – уақып мәдениетін насихаттау, қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу және қоғам игілігі жолындағы ізгі амалдарға үндеу.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz