Center Image
IHSAN.KZ
«ХӘЗІРЕТ ӘЛИ» МЕШІТІНДЕ «ЖАСТАР – РУХАНИЯТ ШАМШЫРАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ
«ХӘЗІРЕТ ӘЛИ» МЕШІТІНДЕ «ЖАСТАР – РУХАНИЯТ ШАМШЫРАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінің наиб имамы Танат Тильманов мешіт жастарына «Жастар – руханият шамшырағы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Насихат барысында жастардың қоғамдағы орны, рухани тәрбиенің маңыздылығы, имандылық, адамгершілік және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сондай-ақ наиб имам жастарды білім алуға, уақытты тиімді пайдалануға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуға шақырды.

Кездесудің басты мақсаты – жастардың рухани сауаттылығын арттыру, бойларына ізгі қасиеттерді сіңіру және ұлттық әрі діни құндылықтарды дәріптеу.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz