Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы қаладағы «Альтаир» мейрамханасына арнайы барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстырды.
Кездесу барысында имам ас беру рәсімдерінде ысырапшылдыққа жол бермеу, қарапайымдылықты сақтау және ұлттық дәстүр мен шариғат талаптарын үйлестірудің маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ мейрамхана әкімшілігіне ас беру мәдениетін қалыптастыруға қатысты ұсыныстар айтылып, құжаттың негізгі талаптары түсіндірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы