Center Image
IHSAN.KZ
«ҚҰНАНБАЙ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕР АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
«ҚҰНАНБАЙ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕР АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде жас жеткіншектер арасында қасиетті Құран Кәрімді оқудан жарыс ұйымдастырылды.

Рухани сайыстың басты мақсаты – жас ұрпақтың Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру, діни білімдерін жетілдіру және қасиетті Кітапты оқуға ынталандыру.

Жарыс барысында қатысушылар Құран сүрелерін оқып, өзара бақ сынасты. Жас жеткіншектердің Құран оқуға деген ынтасы мен талпынысы ерекше байқалды.

Аталған шара өскелең ұрпақты имандылыққа, ізгілікке және рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz