Осакаров аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлерімен кездесіп, «Жастар – руханият шамшырағы» тақырыбында насихат айтты.
Кездесу барысында имам жастардың қоғамдағы рөлі, рухани-адамгершілік құндылықтардың маңызы, адалдық, жауапкершілік және отансүйгіштік қасиеттері жөнінде сөз қозғады.
Сондай-ақ елге адал қызмет ету, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және жастарды ізгілікке тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.
Аталған кездесу рухани құндылықтарды дәріптеуге және адамгершілік қағидаларын насихаттауға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы