Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы мешіт жастарына уақыптың маңыздылығы жөнінде насихат айтты.
Кездесу барысында имам ислам дініндегі уақыптың орны, оның қоғамға тигізер пайдасы және қайырымдылық жасаудың сауабы туралы кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ уақыптың үзілмейтін сауапты амалдардың бірі екенін атап өтіп, жастарды игі істерге атсалысуға, жомарттық пен жанашырлық қасиеттерін бойға сіңіруге шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы