10 қараша – Дүниежүзілік жастар күніне орай Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Жастар – руханият шамшырағы» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында рухани құндылықтарды насихаттау, имандылық пен адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, сондай-ақ жас буынның қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Семинар-тренинг барысында жастардың рухани тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды сақтау, діни сауаттылықты арттыру және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, ел болашағының тірегі. Сондықтан олардың білімді, тәрбиелі әрі рухани кемел тұлға болып қалыптасуына бағытталған осындай тағылымды кездесулердің маңызы зор.
Іс-шара соңында жастар ізгілікке, білімге, бірлікке және рухани құндылықтарды берік ұстануға шақырылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы