Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінде «Рухани кітап» айлығы жобасы аясында Джеймс Клирдің «Атом әдеттер» атты кітабы талқыланды.
Аталған еңбек мешіт жамағаты мен мешіт ұжымы арасында кеңінен талқыланып, кітаптың негізгі идеялары мен тағылымдық маңызына назар аударылды.
Кітапта пайдалы әдеттерді қалыптастыру, зиянды әдеттерден арылу, өзін-өзі дамыту және күнделікті шағын қадамдар арқылы үлкен жетістіктерге жету жолдары баяндалады.
Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жамағаттың рухани және тұлғалық дамуына ықпал ету, сондай-ақ уақытты тиімді пайдалану мен жүйелі еңбектенудің маңыздылығын насихаттау.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы