Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жылдық жоспарына сәйкес, «Рухани кітап» айлығы жобасы аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жазушы Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романы талқыланды.
Іс-шараны мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы жүргізіп, мешіт ұжымына шығарманың мазмұны, тарихи маңызы мен тәрбиелік мәнін түсіндірді.
Кездесу барысында мешіт ұжымы шығарма төңірегінде пікір алмасып, елдік, ерлік, бірлік және отансүйгіштік құндылықтарын талқылады.
Шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани танымды кеңейту, ұлттық тарих пен әдебиетті насихаттау.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы