ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес, «Рухани кітап» айлығы жобасы аясында Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде дін қызметкерлерінің қатысуымен «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы талқыланды.
Іс-шара барысында ихсан ілімінің мәні мен маңызы, оның мұсылманның күнделікті өміріндегі орны, ықылас, көркем мінез және рухани кемелдену мәселелері кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар дін қызметкерлерінің жамағатпен қарым-қатынасында сабырлылық, ізгілік пен жауапкершілік танытуының, сөзі мен ісі арқылы үлгі болуының маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу барысында дін қызметкерлері кітап төңірегінде пікір алмасып, рухани тәрбие мәселелерін өз тәжірибелерімен байланыстыра талқылады.
Шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, діни білімді жетілдіру және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы