Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жылдық жоспарына сәйкес, «Рухани кітап» айлығы жобасы аясында Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы талқыланды.
Іс-шараны мешіттің наиб имамы Тәубежан Ибраев жүргізіп, шығарманың мазмұны мен тәрбиелік маңызына тоқталды.
Кітапта көрініс тапқан ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар, үлкенге құрмет, салт-дәстүрді дәріптеу және отансүйгіштік мәселелері кеңінен талқыланды.
Шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани танымды кеңейту және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы