Center Image
IHSAN.KZ
ШАХТИНСК ҚАЛАЛЫҚ «НҰР» МЕШІТІНДЕ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
ШАХТИНСК ҚАЛАЛЫҚ «НҰР» МЕШІТІНДЕ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
 Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде отбасы мәселелері бойынша кеңес беру орталығы өз жұмысын бастады. Мұнда қала тұрғындары отбасында туындаған сауалдарын дін қызметкерімен жеке талқылап, кеңес ала алады.

Орталыққа отбасын құруға ниетті жастар да, ерлі-зайыптылар мен ата-аналар да жүгіне алады. Кеңес барысында некеге дайындық, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдындағы жауапкершілігі, бала тәрбиесі және отбасындағы келіспеушіліктерді шешу жолдары сөз болады. Орталықтың мақсаты – отбасыларға рухани қолдау көрсетіп, шаңырақтағы сыйластық пен түсіністікті нығайтуға жәрдемдесу.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz