ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес, «Рухани кітап» айлығы жобасы аясында Саран қалалық мешітінде жазушы Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» повесі талқыланды.
Дін қызметкерлерінің қатысуымен өткен рухани-танымдық басқосуда шығарманың мазмұны мен тәрбиелік мәніне тоқталып, адамгершілік, ізгілік, ұлттық құндылықтар және рухани тәрбие мәселелері төңірегінде пікір алмасты.
Сонымен қатар кітап оқудың адамның рухани дүниесін байытудағы, дүниетанымын кеңейтудегі және көркем мінез қалыптастырудағы маңыздылығы атап өтілді.
Шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетті насихаттау, ұлттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы