Center Image
IHSAN.KZ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ «ЖҮРЕГІМДЕ – ҚҰРАН» АТТЫ ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ «ЖҮРЕГІМДЕ – ҚҰРАН» АТТЫ ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жамағат арасында «Жүрегімде – Құран» атты Құран Кәрімді жатқа оқу сайысы ұйымдастырылды.

Рухани сайыстың басты мақсаты – жамағаттың қасиетті Құран Кәрімге деген сүйіспеншілігін арттыру, Құран жаттауға ынталандыру және діни білімдерін жетілдіру.

Сайысқа Қарағанды облыстық «Әнет баба» орталық мешітінің наиб имамы Бауыржан Мейірбекұлы төрелік етті.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, ақшалай сыйлықтар табысталды:

І орын – Асқарбай Ибраһим (50 000 теңге);

ІІ орын – Хасенғали Тахир (30 000 теңге);

ІІІ орын – Совет Нұршапағат (20 000 теңге);

ІІІ орын – Полатов Нурулло (20 000 теңге).

Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтай отырып, барша қатысушыларға алғыс білдіреміз.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz