АСТАНАДА АҚЖАН ӘЛ-МАШАНИДЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Астана қаласында тұңғыш фарабитанушы, ғұлама ғалым Ақжан әл-Машанидың 120 жылдық мерейтойына орай «Шығыстану мен жаратылыстану тоғысындағы Ақжан әл-Машани ілімі және қазіргі ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
27 қараша күні Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында ұйымдастырылған конференцияға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы қатысты.
Наиб имам конференция барысында «Дін мен діліміздің дәнекері – «Әл-Машани» мешіті» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында Қарағанды қаласында ғұлама ғалымның есімімен аталатын мешіттің халық игілігіне қызмет етіп келе жатқанын атап өтті.
Ақжан әл-Машани – әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеуге өлшеусіз үлес қосқан, ғылым мен руханияттың сабақтастығын дәріптеген бірегей тұлға. Ғалымның өнегелі өмірі мен құнды еңбектері – ұлттың баға жетпес рухани әрі ғылыми қазынасы.
Халықаралық конференция ғұлама ғалымның ғылыми мұрасын ұлықтауға, оның тағылымды еңбектерін кеңінен насихаттауға, сондай-ақ ғылым мен руханияттың сабақтастығын дәріптеуге бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы