Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жылдық жоспарына сәйкес, «Рухани кітап» айлығы жобасы аясында Нұра аудандық мешітінде жазушы Джеймс Клирдің «Атом әдеттер» кітабы талқыланды.
Дін қызметкерлерінің қатысуымен өткен рухани-танымдық басқосуда кітаптың мазмұны мен тәрбиелік мәніне тоқталып, пайдалы әдеттерді қалыптастыру, өзін-өзі дамыту, уақытты тиімді пайдалану және жеке жауапкершілікті арттыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты.
Сонымен қатар күнделікті кішігірім оң өзгерістердің адам өміріне тигізетін ықпалы, кітап оқудың дүниетанымды кеңейтудегі және тұлғалық дамудағы маңызы атап өтілді.
Іс-шараның басты мақсаты – дін қызметкерлері арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани және тұлғалық дамуға ынталандыру, ізгі қасиеттер мен пайдалы әдеттерді дәріптеу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы