Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРҚАРАЛЫДА «АЛМАС ҚЫЛЫШ» КІТАБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҚАРҚАРАЛЫДА «АЛМАС ҚЫЛЫШ» КІТАБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жылдық жоспарына сәйкес, «Рухани кітап» айлығы жобасы аясында Қарқаралы ауданына қарасты дін қызметкерлерінің қатысуымен жазушы Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» кітабы талқыланды.

Іс-шара барысында аудан имамы Митератбек Орынбекұлы шығарманың мазмұнына, тарихи маңызы мен тәрбиелік мәніне тоқталды.

«Көшпенділер» трилогиясының алғашқы кітабы саналатын «Алмас қылыш» романында Қазақ хандығының құрылуы, елдің бірлігі мен тәуелсіздігі жолындағы күрес көркем суреттеледі.

Рухани шараның негізгі мақсаты – дін қызметкерлері арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық тарих пен әдебиетті дәріптеу, рухани танымды кеңейту және отансүйгіштік құндылықтарды насихаттау.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz