Center Image
IHSAN.KZ
Қоянның еті адал ма?
Қоянның еті адал ма?

Шариғатымыз бойынша қоян еті желінетін әрі мұсылмандарға халал етілген жануарлардан. Имам Бухари және Муслимнің жеткізген хадисінде: "Әнәс ибн Мәлик қоян аулап алады да Әбу Талхаға береді. Ол қоянды сойып, оның етінен Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деп, арнайы сан етін жамбасымен бірге апарып береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны қабылдады" делінеді[1].+

Мухаммед ибн Сафуаннан риуаят етілген хадисте: "Екі қоян ұстап алып, өткір таспен сойдым. Сосын пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қоян етінің желініп-желінбейтіндігі жайлы сұраған едім, жей беруімізді бұйырды" дейді[2].

Әйгілі ғұлама имам ән-Нәуәуи: "Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас және Ибн Әби Ләйлә қоян етін мәкруһ/жағымсыз санады. Басқа ғұламалардың баршасы қоян етін таза әрі адал деген көзқарастарын білдірген. Атап айтсақ имам Мәлик, Әбу Ханифа, Шәфиғи, Ахмед ибн Хәнбәл т.б." дейді[3].

Ғазиз Ахмет


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz