Center Image
IHSAN.KZ
Байсалдылық
Байсалдылық

           Адам өміріндегі ең құнды нәрсе – пенденің Аллаға иман етуі. Иман келтіргеннен кейінгі мұсылманның тұлғасын аша түсетін ең басты құндылық – көркем мінезділік. Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыздан (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Дін деген не?» деп сұрағанда «Ол – көркем мінез» деп жауап берген.  Көркем мінезді мұсылманның ұстанатын басты қасиеттерінің бірі -  сабырлылық пен байсалдылық. Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  заманында бір бадауи кісі Алла елшісінен:

— Уа, Расулұллаһ! Тозақ отын не сөндіреді?-деп сұрағанда Хазреті Пайғамбарымыз (с.а.с.) :

-  Сабыр мен байсалдылық – деп жауап берген екен. Осы мысалдардан байсалдылық пен сабыр сынды егіз ұғымның көркем мінезге ұмтылған әр мұсылман үшін маңызды екенін аңғарамыз.

         Аллаға жасаған құлшылығымызды асықпай аптықпай, өз межесіне жеткізе орындау да біздің байсалдылығымыздың көрінісі. Туған-туыс, көршілермен қарым-қатынасымызда ұстамдылық сақтап, мәселе туындай қалса байсалдылықпен ашуға бой алдырмай үлкен келіспеушіліктің алдын алу да біздің осы қасиетіміздің үлкен пайдасы. Қаттысы мен тәттісі қатар жүретін ғұмырымызда барлық сынақтарға төтеп беріп, иманымызды сақтау үшін осы байсалдылығымыздан танбай, сабыр  сақтаумен Аллаға жақындауымыз қажет. Байсалды адамның осы өмірде адамдар арасында сый-құрметі жоғары болумен қатар, ақыретте де жүзі жарық болатынына кәміл сенеміз.  Алла Тағала әр мұсылманға көркем мінезді болуды нәсіп етіп, жан тыныштығымыздан айырмағай!

 

Қаражал қалалық мешітінің бас имамы Советов Талғат

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz