ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысында дін қызметкерлерін республикалық аттестаттаудан өткізу жұмыстары басталды.
Аттестаттауды ҚМДБ тарапынан арнайы бекітілген комиссия мүшелері өткізетін болады. Комиссия жұмысына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы Төрағалық етуде.
Сонымен қатар, комиссия құрамында “Дін істері және талдау” бөлімінің меңгерушісі Асан Әбдіқұлұлы және “Діни білім және кадр даярлау” бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы бар.
Аттестаттау жұмыстары екі кезең бойынша ұйымдастырылмақшы.
Бірінші кезеңде дін қызметкерлері компьютерлік тестілеуден өтсе, екінші кезеңде ауызша сұрақ-жауап арқылы білім деңгейін көрсетеді.
Ауызша аттестаттау барысында имамдардың қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары бойынша білімі сараланады.
Қарағанды облысына қарасты барлық дін қызметкерлерін қамтитын екі күндік аттестаттау барысында имамдардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған арнайы семинар өткізу де жоспарланған.
Аталған жұмыстар мешіт қызметкерлерінің діни білімін жетілдіру, кәсіби біліктілігін саралау және діни қызмет сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы