Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы шәкірттерге көрнекті ғалым, хадис және ислам ғылымдарының білгірі Абдул-Фаттах Әбу Ғудданың «Мин әдәбил-Ислам» атты еңбегі бойынша дәріс бастады.
Дәріс барысында ислам дініндегі әдеп ұғымының маңызы, білім алушының ұстазға, ата-анаға, үлкенге және айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасы, сондай-ақ ілім жолындағы жауапкершілік пен ізгі мінез мәселелері кеңінен түсіндіріледі.
«Ілім адамды биіктетсе, әдеп сол ілімді көркем етеді» деген қағиданы негізге алған сабақтар шәкірттердің тек діни білімін арттыруды ғана емес, олардың көркем мінез бен жоғары әдепті бойына сіңіруін мақсат етеді.
Ұстаз дәріс барысында кітапта қамтылған тағылымды мысалдар мен ғалымдардың өнегелі сөздерін түсіндіріп, шәкірттерді алған білімін амалмен ұштастыруға, ізденіс пен әдепті қатар алып жүруге шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы