Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРИЯЛАР «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНЕ ЗИЯРАТ ЕТТІ
ҚАРИЯЛАР «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНЕ ЗИЯРАТ ЕТТІ

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай бірқатар қария Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне арнайы ат басын бұрып, қасиетті құлшылық ордасын зиярат етті.

Ізгі шара барысында облыстық мешіттің наиб имамы, «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы қарияларды құшақ жая қарсы алып, мерекелік күнмен құттықтады. Жиын барысында қарияларға құрмет көрсетіліп, олардың ел мен дін жолындағы өнегелі еңбегі мен кейінгі ұрпаққа берер тағылымы сөз болды.

Алдымен мешітте Құран аяттары оқылып, дүниеден өткен ата-бабалардың рухына дұға бағышталды. Сондай-ақ қариялар мешіттің тыныс-тіршілігімен, сәулетімен және құлшылық ордасында атқарылып жатқан рухани-ағартушылық жұмыстармен танысты.

Кездесу соңында қонақтарға арнайы діни-танымдық кітапшалар сыйға тартылып, ақсақалдарға ізгі тілектер білдірілді.

Қарияны құрметтеу – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Баталы сөз бен ақыл-кеңесін кейінгі буынға жеткізіп жүрген қарттарға құрмет көрсету – ұрпаққа өнеге болар игі іс.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz