Center Image
IHSAN.KZ
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІНІҢ АУЛАСЫНА 50 ТҮП ШЫРША ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІНІҢ АУЛАСЫНА 50 ТҮП ШЫРША ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің  имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен мешіт аумағын абаттандыру және көгалдандыру бағытында бірқатар игі жұмыстар атқарылып,  жыл бойы  жалпы 50 түп шырша көшеті отырғызылды.

Көгалдандыру жұмыстарына мешіттің дін қызметкерлері, жамағат өкілдері мен шәкірттері белсене қатысып, мешіт аумағын көркейтуге өз үлестерін қосты. Қатысушылар көшеттерді арнайы орындарға отырғызып, олардың дұрыс күтім жасалуына да көңіл бөлді.

Аталған игі бастама қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және туған өлкенің көркеюіне үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай шаралар мешіт аумағының тазалығы мен көркін арттырып қана қоймай, жамағат пен жастарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz