ҚМДБ-ның «Дархан дала» отандық туризмді дамыту жобасы аясында Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің жамағаты Бұқар жырау музейіне арнайы барды.
Аталған рухани-танымдық сапар Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Сапар барысында мешіт жамағаты қазақ халқының көрнекті жырауы, мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи мұралармен танысты.
Игі шараның негізгі мақсаты – ұлттық тарихымызды ұлықтау, халқымыздың рухани-мәдени мұрасын дәріптеу және жамағаттың тарихи танымын кеңейту.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы