Center Image
IHSAN.KZ
ТЕМІРТАУДАҒЫ «ҚАМҚОР-ШАРАПАТ» САЛТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ПЫСЫҚТАЛДЫ
ТЕМІРТАУДАҒЫ «ҚАМҚОР-ШАРАПАТ»   САЛТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы Теміртау қалалық орталық «Әлихан Бөкейхан» мешіті жанындағы салттық қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.


Сапар барысында орталықтың қазіргі тыныс-тіршілігі, мәйітті шариғат талаптарына сай жуындыру және кебіндеу қызметтерінің ұйымдастырылуы, сондай-ақ ғимаратта жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары назарға алынды.

Сонымен қатар жауапты маман орталықтың материалдық-техникалық жағдайын қарап, халыққа көрсетілетін салттық қызметтердің сапасын арттыру, қажетті жағдайларды жақсарту және жөндеу жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелеріне тоқталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz